Садыбеков Ғалым Заирұлы 1965 жылдың 23 карашасында Ленгер қаласында дүниеге келген. Титова атындағы №20 мектепті бітіргеннен кейiн Ғалым Заирұлы Алматы ауыл шаруашылығы институтының «Орман шаруашылығы» факультетiн бiтiрiп шығады. Оқуын аяқтаған кейiпкерiмiз келесi кезекте еңбек жолын қалыптастыруға кiрiседi.
Ғалым мырза Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан қалаларындағы Өндiрiс мекемесінде бас директор қызметтерін атқарған. Қазiргi таңда 2015 жылдан бастап «Лтд Тұрмыс» ЖШС мекемесінде бас директор кызметiн аткарып, білгір басшы ретінде танылып жүр. Айта кетейік, мекеме жұмысшыларының кәсіподағы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамында.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейдi. Күн сайын көркейiп келе жаткан Шымкенттiң ажары оның тазалығына да байланысты. Каланың таза, әдемi әрi жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Соңғы жылдары шаһардың ауқымы кеңейiп, күн санап карыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.
«Тазалық табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Ауланы ретке келтiрiп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгiсi. Ал, сол әдемiлiк Ғалым мырзаның жұмысшыларына тікелей байланысты. Ауланың сәні мен саябақтарымыздың әсем қалпында сақталуы да аталған мекеме жұмысшыларының мiндетi. Сондықтан карапайым жұмысшыға дейiн бiздiң құрметiмiз бен берер бағамыз оң болғаны абзал.
Қала тазалығына жауапты жумысшылардың барлығында күн тәртібіне қойып, кызметтерiн жоспарға қою нағыз бiлiктi басшының көрегендiгi. Ғалым мырзаның басшылығымен Шымкент каласының тазалығы ойдағыдай жүзеге асып, басшы мен ұжым халықтың алғысына бөленіп жүр.