«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев “Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған отбасылық #Баламенбірге челленжін қолдайды.
“Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған отбасылық #Баламенбірге челленжін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов жалғастырды.
«Адамның бір қызығы бала деген»,- деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі.