Шымкент қаласының «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері “Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған отбасылық #Баламенбірге челленжін қолдайды.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айгерім Алиева челленджді жалғастырды.
Бала қуанса, әлем қуанады. Олардың қуаныштан балбұл жанған жүздерін көру үшін қандай еңбектің де артықтығы жоқ. Өйткені, “бала – бауыр етің, жүрегіңнің бөлшегі, көңілдің нұры, көздің қуанышы, өміріңнің жалғасы” деп білетін халықпыз.
“ҚР Кәсіподақтар федерациясы” РКБ Активтерін басқару бойынша дирекцияның “Южказпрофсервис” ЖШС директоры Қаппар Есенов #Баламенбірге челленжін жалғастырды.
“Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған челлендж Шымкент қаласының кәсіподақтары тарапынан қолдау табуда.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Тәрбиенің өзегі – бала бойына адамгершілік пен рухани құндылықты сіңіру. Балдан тәтті перзентімізді салиқалы ұрпақ етіп тәрбиелеу бәріміздің міндетіміз!