“Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Медиация және заң сұрақтары бойынша бас маманы Ербол Молдабаев, “Рухани жаңғыру” қазақстандық қоғамдық даму институты әлеуметтік желілерде бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған отбасылық #Баламенбірге челленджін қолдайды.
Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру.
Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.