Көптен күткен дипломын алғаннан кейін көптеген жас мамандар алғашқы уақытта еңбек нарығында өз орнын бірден таба алмайды. Жұмыс берушілер жас түлектерге қарағанда, тәжірибесі бар кадрларды таңдағанды жөн көреді. Бұл мәселенің шешімі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі жастар практикасы бола алады. Жастар практикасы біліктілік пен дағдылар жинақтауға, өз қарым-қабілеттерін көрсетуге және жұмысқа тұруға мүмкіндік берді. Жарты жылдың ішінде Мадина Тұрарова кәсіби тәжірибе жинап қана қоймай, өзін жауапкершілігі мол, ұқыпты жұмыскер ретінде көрсете білді.
Ол өзіне тапсырылған кез келген іске білек сыбана кірісіп, істі сапалы әрі тиімді атқаруға тырысты. Нәтижесінде жас маманды «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрақты негізде жұмыс істеуге шақырды. Жезқазған аймақтық кәсіподағының төрайымы Раушан Қожабаева кәсіподақ тарапынан әрқашан қолдау табатынын айта келе, сәттілік тіледі.
Ия, әлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі. Ал әлеуметтік қызметкер – бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірбан жан. Күн сайын атқарып келе жатқан қорғау, көмек, қызмет жұмысы үлкен құрметке лайық. Кәсіби мереке қарсаңында «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кәсіподақ мүшелері «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлының құттықтауын қабыл алды.
Жоғары кәсібилігімен өз лауазымының міндетін адал атқарғаны, әлеуметтік саладағы мүлтіксіз еңбегі және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Қызмет» Салалық кәсіподағының жоғарғы марапаты «Кәсіподақ қайраткері»медалімен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Бибігүл Оспанова, Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Асқар Шоқпытов, Жезқазған аймақтық кәсіподағының Құрмет грамотасымен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Ляззат Аманжолова, мекеменің әлеуметтік қызметкері, кәсіподақ ұйымының белсендісі Назгүл Жаңабаева марапатталды.
Ал жас маман «Қызмет» кәсіподағының мүшелігіне қабылданды.