Кәсіподақ төрағасы бастауыш мектептің жұмысымен танысты

Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы барысымен танысу мақсатында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын “TM and Art education” жекеменшік бастауыш мектебінде болды.

Мектеп 380 оқушыға арналған. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 4 сыныпқа дейінгі бастауыш 14-сыныпта 228 оқушы оқиды. Мектепте оқу ақылы, 57 оқытушы қызмет етеді.
Мектеп директоры – Мейірбекова Айгүл Тұрғанбекқызы.

Мектепте 5 бағыт бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебі және білім-инновация мамандандырылған мектептеріне түсу үшін кешенді дайындық ашылған. Сондай-ақ, Робототехника кабинеті бар.

Мектеп сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін үш кезеңмен жұмыс істейді. Олар: бекітілген жалпы бағдарлама, 13 үйірмедегі қосымша үйірме жұмысы және үй тапсырмасын орындау бойынша іске асырылады. Ақпараттық технологиялар оқу процесіне кеңінен енгізілген. Әр оқу бөлмесінде интерактивті тақта және барлық қажетті техникалық компоненттер бар.

Сонымен қатар, мектеп психологы жұмыс істейді. Әр сыныпқа куратор бекітілген. Барлық кураторлардың магистрлік дәрежесі бар. Мектеп оқытушыларының жоғары аттестациялық дәрежесі бар. Екі ай ішінде 3 оқушы пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.

Мектепте балаларды тұрғылықты жеріне дейін жеткізу бар.

Оқушылар 4 мезгіл тамақпен қамтылған. Педагогикалық коллектив үшін ақысыз түскі ас беріледі. Тамақтану швед үстелі түрінде ұйымдастырылған. Асхана қызметкерлері кіретін ата-ана чаты бар. Осылайша, тағамның әртүрлілігі, пайдалылығы туралы шешім ата-аналармен бірге балалардың қалауы мен мектеп медбикесінің кеңесі негізінде қабылданады.

Мектеп ғимараты санитарлық-техникалық нормалар мен техника қауіпсіздігінің нормаларына толығымен сәйкес келеді. Баспалдақ аралықтарында торлар, баспалдақтарда ковроландар орнатылған, спорт және гимнастика залдары, хореографиямен айналысуға арналған зал бар. Оқу сыныптарында кондиционерлер орнатылған.

Эпидемияға қарсы антиковидті қорғау талаптары бойынша оқушылар санитарлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген, медбикемен тарапынан оқушылардың термометрия журналы жүргізіледі, мектептің барлық қызметкерлері Ковид19-ға қарсы вакцинация қабылдаған, заманауи үлгідегі медициналық кітаптар бар.

Мектепте барлық жерде бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оқушылардың ата-аналары жүйеге тәулік бойы қол жеткізе алады, бұл оларға мектеп қызметкерлерімен бірлесіп тәрбие процесіне қатысуға мүмкіндік береді.