«Батыс су арнасы» ЖШС – Орал қаласының әртүрлі бөлігінде, сонымен қатар Зеленов және Теректі аудандарында орналасқан өндірістік алаңдарында қызмет ететін көп санды жеке құрамы бар кәсіпорын. Мекемеде ашылған уақыттан бері жұмыс жасап келе жатырған еңбек адамдарының саны көп. Олардың ішінде үздік еңбек үлгісін көрсетіп, қазіргі таңда атадан немереге жалғаған өнегелі әулет – Герасимчук әулеті. «Батыс су арнасы» ЖШС кәсіпорынындағы жалпы еңбек өтілі – 85 жыл.
Герасимчуктер әулеті қазан айында «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысып, облыстық деңгейде жеңімпаз атанды.
Еңбек әулетінің негізін қалаушы – Герасимчук Михаил Иванович, 1972 жылдан 2002 жылға дейін 30 жыл «Батыс су арнасы» ЖШС Көлік цехында жүргізуші болып қызмет еткен.
Оның ұлы – Герасимчук Евгений Михайлович, 1997 жылы №4 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесінің слесарі ретінде жұмысқа орналасқан. 1997 жылдан осы учаскенің слесарь-бригадирі, 2019 жылдан бері осы учаскенің шебері болып қызмет етеді.
Екінші ұлы – Герасимчук Юрий Михайлович, 1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көлік цехының жүргізушісі қызметін атқарады.
Үшінші ұлы Герасимчук Павел Михайлович та, 2015 жылдан №4 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесіндегі хлор қондырғысының операторы болып жұмыс жасайды.
Немересі – Герасимчук Дмитрий Юрьевич, Су тазалау құрылыстарының хлор қондырғысының операторы болып 2018 жылдан бері қызмет етеді. Дмитрийдың айтуынша, атасынан бастап, әкесі, ағаларының дәл осы мекемеде жұмыс жасауы тектен-тек емес. Бұл жұмысты отбасылық жұмысқа айналдыра біліп, халыққа қажетті ауыз сумен қамтамасыз ету – ол үшін үлкен мәртебе. Өз кезегінде бұл дәстүрді жалғастыруға өз үлесін қосқысы келетінін жеткізді.