«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 6-11 қыркүйек аралығында «Журналистиканың базалық машықтары» атты мектеп аясында 6 күндік тренингтер сериясын өткізді. Тренингтер онлайн форматта өтті.
Медиа мектептің қатысушылар үшін ұтымды болған тұстары, біріншіден жас ерекшелігіне, қызмет ететін кәсіби саласына шектеу қойылмады, екіншіден екі тілде қатысуға мүмкіндік болды.
Оқу үшін әр күн сайын 3 сағат көлемінде уақыт бөлінді. Оның 2 сағатында қатысушылар отандық медиа тренерлердің сабақтарын тыңдап, тәжірибелік жаттығулар жасаса, қалған 1 сағат ішінде әлемдік және отандық журналистика медиа мамандарының шеберлік сағаттарына қатысты. Әр сабақтан соң тренерлер үй тапсырмасын беріп, келесі күні 10-15 минут үй тапсырмасын талқылау, бағалаумен басталып, сабақтармен жалғасты. Тренингтің уақыты, сабақтар форматы ғана емес, тренерлер құрамы мен тақырыптар да аса жоғары талғаммен құрастырылған.
