“Еңбек кауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды ұйымдастыру”

04.05.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіподақтар орталығының жəне Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 28 сəуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай “Еңбек кауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды ұйымдастыру” тақырыбында семинар – кеңес өткізілді.

Семинарға бастауыш кəсіподақ ұйымдарының көсбасшылары қатысып, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек қорғау жөніндегі ғылыми – зерттеу иститутының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекші ғылыми қызметкері Махатов Елубай Махатұлының лекциясын тындады.

Сонымен қатар, семинар барысында кəсіпорындардағы зиянды жəне қолайсыз еңбек жағдайларында қызмет атқаратын жұмысшылардың құқықтары, жұмыс берушілер жəне жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтары қызу талқыланды.