Мұғалжар ауданының педагогтары күзгі каникулды тиімді пайдалануда

1-2 қараша күндері ұстаздар волейбол, тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан өзара мықтыны анықтады.

Мұғалімдер спартакиадасы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының бірлескен алғыс хатымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.