Спорт – денсаулық кепілі

“Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының станция басшылығымен әлеуметтік әріптестіктегі жұмысының басым бағыттарының бірі қызметкерлерді сауықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитеті жыл сайын кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол, стритбол және волейбол бойынша спорттық іс-шаралар өткізеді. Жарысқа кәсіпорынның барлық бөлімшелері қатысады.

Осы кезеңде станцияның құрылымдық бөлімшелері арасында волейболдан жыл сайын өткізілетін турнир аяқталды. Турнирге барлық өндірістік бөлімшелер мен Ардагерлер командасы қатысты. Турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Энергетик күніне арналды. 3 орынды ардагерлер командасы, 2 орынды қазандық-турбина цехының командасы және 1 орынды отын-көлік цехының командасы иеленді. Жарысты кәсіподақ ұйымы станция басшылығымен бірлесіп дайындады. Жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.