Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында “Кәсіби медиаторлардың республикалық палатасы” РҚБ төрағасы, кәсіби медиатор, жаттықтырушы-медиатор Ольга Эрлих еңбек дауын шешудің балама әдісін – медиацияны қолдана отырып шешу тәжірибесімен бөлісті.
О.Эрлих 2016 жылдан бастап медиатор, 2018 жылдан бастап жаттықтырушы-медиатор болып табылады. 2020 жылдан бастап “Медиаторлардың республикалық палатасы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “Кейбір заңнамалық актілерге дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі. “Кез-келген дау мен қақтығыста балама шешім табуға болады. Медиатордың міндеті – адамдарға татуласудың қиын жолын табуға көмектесу”, – дейді Ольга Владимировна.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруы бойынша О.Эрлих кәсіподақтардың татуластыру орталығында азаматтарды қабылдады, оған қойылған барлық сұрақтарға, оның ішінде 87088614656 жедел желіге келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Қабылдау шеңберінде жүгінген жеке кәсіпкер оған жалақы төлеу кешіктірілген жағдайда баламалы әдіс – медиацияны қолдану арқылы еңбек дауы рәсімін қалай реттеу керектігін түсіндіруді сұрады. О.Эрлих “Медиация туралы” ҚР Заңына сәйкес медиация ұғымын түсіндірді, татуласудың барлық кезеңдерін өткізу туралы, Медиация туралы келісімді ресімдеу туралы, даулы жағдайды шешудің ықтимал нұсқалары туралы айтты.
ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы бойынша еңбек шартын бұзу нәтижесінде туындаған еңбек дауын медиация жолымен шешу мүмкіндігі туралы облыс тұрғынының Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің сенім телефонына келіп түскен өтініш жұмыс берушінің келісімін алғаннан кейін рәсімдік түрде шешілетін болады.
Павлодар Инновациялық Еуразия университеті Заң факультетінің студенті медиатордың тараптардың келісімінсіз медиация процесінде алынған құпия ақпаратты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі туралы сұрақ қойды.
“Медиация медиация тараптарының еріктілігі, тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен әділдігі, медиация рәсіміне араласуға жол бермеу, құпиялылық қағидаттары негізінде жүргізіледі. ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 85-бабына сәйкес медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуі, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады”, – деп түсіндірді кәсіби медиатор.
