2021 жылғы 10 қарашада Павлодар облысы аумақтық бірлестігінің Татуласу орталығының басшысы, кәсіби медиатор М.Иванова Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және “Медиация туралы” Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына арналған “Этномедиация: этносаралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылды үндестіру негізі” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция “Қазақстанның әзірбайжан этномәдени орталықтарының одағы” ЗТБ, “Хазар” әзірбайжан этномәдени орталығы ҚБ, “Ахыска” түрік этномәдени орталығы” ҚБ, ҚР Ұлттық гвардиясының астаналық жедел бригадасы, “Астана” халықаралық университеті, “QORGAU халықаралық медиация және келіссөздер академиясы” ҚҚ, “GLOBAL САПА” білім беру орталығы, QORGAU заңгерлер мен медиаторлардың зияткерлік клубы ұйымдастырылды.
Спикерлер ретінде белгілі қоғам қайраткерлері, білім беру және ғылыми зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Ресей Федерациясы, Украина, Түркия, Қазақстан Республикасының медиаторлары сөз сөйледі.
Конференция бағдарламасын пленарлық отырыс, тақырыптық сабақтар және шеберлік сыныптары түрінде құру спикерлердің еңбек қатынастары саласында медиацияны қолдану мәселелері бойынша практикалық қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша сөйлеген сөздерімен танысуға мүмкіндік берді.