Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың бастамасымен арнайы жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев пен кәсіподақ активі қатысты.

Салтанатты шарада «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Файзуллаұлы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, “Ел ырысы үшін еңбек етуден артық бақыт жоқ деп түсінетін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің төл мерекесі үлкен маңызға ие. Сіздер халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуына, елдің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын”, – деп сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, бірқатар азаматтарға марапат тапсырды. Атап айтқанда, өз саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек даңқы» медалымен Нурлан Керимбайұлы Бейсенбаев, Давлет Усипұлы Туртаев және Алмухан Баймурзаұлы Суранчиев марапатталды.

Бұдан әрі марапаттау миссиясын Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Мамырбекұлы алып, өз саласында өз ісінде біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді қызметкерлерге медалдар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Жиын соңында осы мерейлі мереке күні еңбеккерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарына бақ-береке, жүмыстарына сәттілік тіледі.