Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаулар жалғасуда

“Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында және туғанына 60 жыл толуына байланысты Павлодар облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Сержан Қалелұлы Қалиақпаровқа “Елеулі еңбегі үшін” салалық наградасын табыс етті.

С.Қ.Қалиақпаров өзінің барлық еңбек жолын Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытумен айналысады, оның жалпы еңбек өтілі 41 жылды құрайды.

Еңбек жолын 1979 жылы Павлодар облысы Чапаев совхозының №1 фермасында жұмысшы болып бастады. 1982-1984 жылдары Чапаев совхозының комсомол комитетінің хатшысы болды. 1995-1999 жылдары “Саты” ЖШС бас зоотехнигі, кейін директоры, 1999-2002 жылдары “Ар-Ал” шаруа қожалығын басқарды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, Павлодар ауданының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі аппаратының мониторинг, агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды. 2019 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі бас инспекторы лауазымын атқарады.

Ол өзін үлкен жұмыс тәжірибесі мен практикалық білімі бар білікті маман ретінде көрсетті. Өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге белсенді қатысады, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын іске асыру, инвестициялар көлемін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексінің өсуі сияқты көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Қалиақпаров Сержан Қалелұлының ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының жоғары марапатына ие болды.