Жалағаш ауданында кәсіподақ белсенділері басқосты

Жалағаш ауданының кәсіподақ белсенділерінің басқосуы өтті. Басқосуға «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, Жалағаш ауданының аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Жұпар Баймаханова, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Кенес Махамбетов және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ белсенділері, барлығы 26 адам қатысты.

Облыстық филиал төрайымы С.Тұрсынбаева қатысушыларға «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында атқарылып жатқан жұмыстары мен кәсіподақ жаңалықтарын таныстырып, кәсіподақ мүшесінің заңды құқы мен әлеуметтік мүддесі ұжымдық шарт негізінде қорғалатыны, ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс екендігі және жоғарылатуға жол берілетіні, мысалы ҚР Еңбек кодексінің 97 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақысы сақталатын демалысы беру, үнемделген бюджет қаражаты есебінен қызметкерлерге материалдық көмек көрсету, кәсіподақ ұйымының мүшелерін жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату үшін, жұмыскерді көтермелеу, марапатқа ұсыну кезінде т.б. кәсіподақ органының пікірін ескеру т.б.ұсыныстарды айтты.

Сонымен қатар кәсіподақ заңгері К.Махамбетов жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясы және оның жұмыс тәртібі туралы түсіндірді. Еңбек қатынастары, келісу комиссиясы туралы сұрақтарға жауаптар берілді. Кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына «Бастауыш кәсіподақ ұйымының Ережесі», «Жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы Ереже. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы Ереже. Еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ереже» брошюралар таратылды.

Кездесуде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Жұпар Баймаханова, облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Мақпалкөл ауылдық округінің бас маманы Жанабай Аширбеков, Аққыр ауылдық округінің салық инспекторы Акайша Абдиева, Наркескен спорт клубының нұсқаушысы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Оразкүл Исмайлова, облыстық салалық кәсіподақтың алғыс хатымен Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Самал Утенова, Қаракеткен ауылдық округінің жетекші маманы Кулдарай Жанабаева марапатталды. Марапатталған кәсіподақ белсенділеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бүгінгі күнде Жалағаш ауданында салалық кәсіподаққа қарасты 22 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 361 кәсіподақ мүшесі бар.