Күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл толуына орай Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде бастауыш кәсіподақ ұйымының қатысуымен қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.
Ел егемендігінің 30 жылдығына арналған белдесуде колледж студенттері күш сынасты. Боз кілемдегі балуандар кездесуін тамашалауға жиналған көрермен тартысты күрестің куәгері болды.
Жауырыны жерге тимеген күрестің хас шеберлері жеңіс тұғырынан көрініп, ұйымдастырушылар тарапынан бәйгеге тігілген кубок пен медальді қанжығасына байлады.
Қажымұқан Мұңайтпасовтың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа мұра ете отырып, ұлттық спорт – қазақ күресін насихаттауды мақсат тұтқан Жезқазған Жоғары Политехникалық Колледжі директоры мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Таңшолпан Құлымбаева жарыс жеңімпаздарын құттықтап, марапаттады.