Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті. Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Т.Күнәділов қатысты.
Кеңестің негізгі міндеті – ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және демократиялық күштердің бірігуін нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, азаматтық қоғамды құруда ҮЕҰ рөлін көтеру.
Елордалық жетекші қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдармен өзекті мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, кешенді бағдарламалар әзірлеуде белсенділік танытып келеді.
Қала әкімі А.Көлгінов атап өткендей, мемлекет ҮЕҰ-дың мәселелерін зерделеп, бірлескен шешімдер шығаруда қарым-қатынасты нығая түседі.
Кеңесте сөз алған Т.Күнәділов: Кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі құралы әлеуметтік әріптестік механизмі болып табылады.Әлеуметтік әріптестік тараптары жалақының уақтылы төленуіне тұрақты мониторинг жүргізуде. Кәсіподақтар орталығы еңбекақы мәселелерін одан әрі шешуге бағытталған жұмысын жалғастырады. Біз сондай-ақ әлеуметтік әріптестермен ұжымдық шарттар арқылы қызметкерлерді қолдау шараларын жетілдіру үшін жұмыс жасайтын боламыз.Қарапайым еңбек адамының мүдесін қорғауда әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, одан әрі жүйелі жұмыстар атқарылады деп сенім білдіреміз,-деді.