Әлеуметтік әріптестік іс жүзінде

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде С.Михайлюк пен “Богатырь Көмір” ЖШС персонал жөніндегі директоры А. Макеновтың төрағалығымен “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ атқарушы комитетінің кездесуі өтті.

Кездесу көміршілер салалық кәсіподағының төрағасы М.Миргаязовтың қатысуымен өтті.

“Бүгінде біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбекті қорғау, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау және өндірістегі төтенше оқиғалардың алдын алу сияқты ортақ міндеттерді шешу бойынша жергілікті “Батыр Көмір” кәсіподағының және Компания басшылығының әлеуметтік әріптестігін нығайту”, – деп атап өтті С.Михайлюк.

Компанияның персонал жөніндегі директоры А.Мәкенов атап өткендей, жергілікті кәсіподақпен ынтымақтастық жалғасуда. Биылғы жылы салалық келісімді әзірлеу және оған қол қою бойынша үлкен бірлескен жұмыс жүргізілді, оған мемлекеттік органдар да, көмір өндіру саласының кәсіпорындары да қатысты.

Әрине, бүгінгі таңда ең өзекті мәселе – жалақыны көтеру мәселесі. Кездесуде сондай-ақ, бұл мәселе жұмыс берушінің де, кәсіподақтың да бақылауында екені атап өтілді. Осы жылдың ішінде көптеген санаттар бойынша, оның ішінде спорттық жетістіктері үшін, медальдар бойынша, оқушыларға еңбекақы төлеу, ал ең бастысы – жалақысы төмен мамандықтардың бірнеше санаты бойынша төлемдер арттырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Тараптар желтоқсан айының соңында – қаңтар айының басында ұжымдық шарттың жаңа редакциясын алғашқы талқылау жоспарланғанын, оны жаңа әлеуметтік жеңілдіктермен күшейту жоспарланғанын талқылады.

Бұдан басқа, ұжымдармен, оның ішінде кәсіподақтың қатысуымен кездесу дәстүрі жалғасатын болады, өйткені дәл осы кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің мүдделерін білдіреді. Күшті және біртұтас кәсіподақ – өндірісте жұмыс істейтін адамдардың құқықтарын қорғаудың қозғаушы күші.

“Адамдар кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – компанияның барлық ұжымына жалақыны көтеру бойынша жоспарлы жұмыс екенін түсінуі тиіс”, – деп атап өтті М.Миргаязов.

Әлеуметтік әріптестік “Богатырь Көмір” ЖШС қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік береді.