“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ Алматы облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен “Еңбек дауларын шешу жолдары. Ұжымдық шарттардың тарауларын талқылау” тақырыбында семинар өтті.
Семинардың модераторы – салалық кәсіподақ төрайымы Сәуле Ахмадиева. Онлайн форматта өткен семинардың алғашқы сөзін “Алматы облысының кәсіподақ орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қыдырманов ашты.
Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі Ақерке Мұсабекова оқыту- семинарының өзекті тақырыбына тоқталды. “Ынтымақ” салалық кәсіподағының Алматы облыстық филиалының төрайымы Самал Бакирова еңбек заңдарындағы біраз өзгерістерге тоқталып өтті. Келесі сөз алған Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы Еркін Дәулетұлы Ұжымдық шарттың негізгі тарауларын талқылап өтті. Семинар қызу пікірталаспен өтті. Көптеген сұрақтарға қанағаттандырылған жауаптар алынды. Семинарды қорытындылаған С.Ахмадиева жақында Алматыда өткен кеңес отырысынан мағлұматтар берді.