“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды

2021 жылғы 25 қарашада Павлодар облысы Кәсіподақ үйі ғимаратында “Балалы әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығы” ММ, “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ, Павлодар қаласы полиция басқармасының ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы ұйымдастырған “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы, Павлодар қалалық сотының судьялары, медиаторлар, “Павлодар облысы бойынша ҚР әйелдер күштері Альянсы” ҚБ, Павлодар облысының полиция департаменті, педагогтар, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, “МИР” Өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ, Павлодар облысының заң консультанттары палатасы қатысты.

Акция қатысушыларына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Г.Сюендыкова және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова сөз сөйледі.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын өткізу кезеңінде заманауи инновациялар мен кәсіби біліммен, практикалық тәжірибемен алмасу арқылы қоғамның назарын зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл шараларын жүргізу қажеттілігіне аудару қажет, өзінің лауазымдық және қоғамдық өкілеттіктері шеңберінде үнемі әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға нақты көмек пен қолдау көрсету қажет”, – деп атап өтті М.Иванова.

Іс-шараның спикерлері Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Р.Даумова, “Павлодар облысы бойынша ҚР әйелдер күштері Альянсы” ҚБ басшысы, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы, “Мир” өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ басшысы С.Кайдарова қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

Татуластыру орталығының басшысы М.Иванова және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрайымы Р.Даумова құрамында Павлодар қаласы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары бар жұмыс тобының алдында сөз сөйледі. Өзара іс-қимыл процесінде топ қатысушылары татуластыру орталығының жұмысы туралы ақпарат алды, еңбек және неке-отбасы дауларын шешу кезіндегі медиацияның практикалық жағдайларымен танысты, заң консультацияларын алды.

Топтардың жұмысы аяқталғаннан кейін Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ басшысы Н.Кузнецова орталықта тұратын әйелдерге қолдау көрсету бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің белсенді жұмысын атап өтіп, М.Ивановаға және Р.Даумоваға алғыс хаттар табыс етті.