Қызылордалық салалық кәсіподақ көшбасшысы марапат төрінен көрінді

Елордада өткен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Кеңес отырысында Қызылорда облысы филиалы төрағасы Асылхан Абылайханұлы «Салалық кәсіподақтың Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ел Тәуелсізідігінің 30 жылдығына орай марапаттарды салалық кәсіподақтың республикалық бірлестігі төрағасы Сапарбек Дүйсенов табыстады.

Кеңес отырысында бірқатар өңірлік филиалдармен ағымдағы жылда атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп беріліп, салалық кәсіподақтың алдағы жоспар-межелері талқыланды.