Кәсіподақ төрағасы тікелей эфирде кәсіподақ қызметі туралы айтып өтті

“ERTIS TV” телеарнасының “1 Студия” бағдарламасының тікелей эфирінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындыларын талқылап, жетекші Александр Логвин мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Динара Айтжанова “Мемлекеттіліктің жеті тірегі” қағидаттарының жиынтығына арналған бағдарламада “Бірлік пен келісім” қағидатын іске асыру шеңберінде “Nur Otan” партиясының Павлодар облыстық филиалымен бірлескен кәсіподақтардың қызметі туралы айтып берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында “Жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін басты бағдар болатын мемлекеттіліктің жеті тірегі: Тәуелсіздік; Бірлік пен негіз; жер – ата-бабалардың баға жетпес мұрасы, халықтың игілігі; отбасы мен дәстүрлер – қоғамның негізгі тіректері; ұлттық құрылым – халықтың рухани тірегі; білімге ұмтылу және еңбекқорлық – игіліктің кілті; Прагматизм – бәсекеге қабілеттіліктің кепілі” қағидаттарының жиынтығын ұсынды.

Өз сөзінде Динара Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Nur Otan” партиясымен қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуына, еңбек заңнамасының және еңбекті қорғау жүйесінің сақталуына қоғамдық-партиялық бақылау жүргізетін, заңнамалық бастамаларды ілгерілетуге қатысатын ең бұқаралық қоғамдық ұйым ретіндегі қызметі туралы айтып берді.