26 қараша күні «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» мерейтойлық X Азаматтық форумының қорытынды шарасы өтті.
Форумның іс-шаралары демократиялық процестерді дамыту, Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ социумның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналды. Форум бағдарламасы көптеген тақырыптарды, сарапшылар мен қатысушыларды қамтыды. Сондай-ақ, форум аясында 30-дан астам пікірталас алаңдары, сараптамалық талқылаулар, фасилитациялық және панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
Форум қарсаңында және апта бойы министрлердің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері, әкімдердің өңірлердегі ҮЕҰ өкілдерімен кездесулері, шағын гранттар жобаларының таныстырылымы, сондай-ақ «ҮЕҰ сыйлығы» мен «Таңдау» сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысы қорытынды шараға онлайн режимде қосылып, іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымы А.Есекенова, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Батыс Қзақстан облыстық филиалы төрағасы М.Берген, Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Салықов, Үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Форум нәтижесінде Батыс Қазақстан облысынан «Таңдау» және «ҮЕҰ-2021» премияларынан 5 жеңімпаз танылды.