Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Павлодар облысы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған облыстық салтанатты іс-шара өтті.

Павлодар облысының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен, Павлодар облысының әкімі А.Сқақовтың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Павлодар облысының салалық, жергілікті кәсіптік одақтары филиалдарының өкілдері салтанатты іс-шараға қатысты.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды.