Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы туралы Ережені іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда Кәсіподақ үйі ғимаратында «Қазақкәсіпметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіподағы» ҚБ филиал төрағасы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Раушан Даумова азаматтарды қабылдады.
87088614656 жедел желісі бойынша депутаттық қабылдауға жазыла отырып, азаматтар қоғамдық қабылдау бөлмесіне баланы мектепке дейінгі мекемеге ресімдеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы сотқа талап арыз ресімдеу, жұмысқа орналасу мәселелері, еңбек шартын бұзу және жұмысқа қайта алу тұжырымдамасын өзгерту мәселелері бойынша жүгінді.
Барлық өтініштер бойынша толық кеңестер берілді, жеке өтініштер бақылауға алынды.
Өңірдің кәсіптік одақтарының қоғамдық бірлестіктерінен сайланған Павлодар облыстық және Павлодар қалалық мәслихаттарының депутаттары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды тұрақты қабылдайды.