Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде «Кәсіподақ қызметкерінің әдеп кодексі» жобасы талқыланды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік және ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің мінез-құлық нормалары мен этика қағидаларын қамтитын ережеде Сайланбалы кәсіподақ қызметкерлерінің моральдық-этикалық міндеттері, ұсынымдық нормалар, кәсіподақ қызметкерінің этикасына байланысты шектеулер мен ережелерді бұзу бойынша жауаптылықтар қарастырылған.
Кәсіби құзыреттілік, адалдық және парасаттылық, әділдік және міндеттілік, өз сезімдері мен эмоцияларын басқара білу, кәсіподақ мүшелерімен, әріптестерімен, жоғары тұрған органдардың басшыларымен, әлеуметтік әріптестермен өзара қарым-қатынас процесінде әдептілік және сыпайылықты сақтау – кәсіподақ қызметкерлерінің негізгі қағидаттары. Кодекс жобасын талқылауда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев және салалық кәсіподақ төрағалары өз пікірілерін білдірді. Талқылауларда нақтыланған ұсыныс-пікірлер Кәсіподақтар федерациясына жоба бойынша ұсынымдарда жолданатын болды.