Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы Қарағанды өңірінің Салалық кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарымен бірлесіп, Тәуелсіздік құрдастары болып табылатын Еңбек адамдарын таныстыруды жалғастыруда.
Бүгінгі күні Қазақстандық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды филиалының мүшесі, қазақстандықтардың жаңа буынының құрдасы Арғынғазы Қуатұлы Болаттың 1991 жылғы 16 қаңтарда дүниеге келген және қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» Қарағанды жол дистанциясында жолды ағымдағы күтіп ұстау бойынша монтер болып жұмыс істейді.
Арғынғазы Болат Қарағанды жол дистанциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады, жастар бастамасын көрсетеді және ұжымның мәселелерін шешуге белсенді қатысады.
Жол жөндеушінің жұмысы үнемі қауіп-қатермен байланысты, бұл жұмыс аса жауапкершілікті, қамқорлық пен білімді қажет етеді. Арғынғазы Болат өз кәсібінің адал қызметкері болып табылады, өйткені поездардың үздіксіз жұмысы мен қауіпсіз қозғалысы көбінесе жол монтерінің кәсіби іс-қимылдарына байланысты.
«Мен үшін өз елімнің Тәуелсіздігімен құрдас болу – үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Бүгін мен ата-анамның ғана емес, өз Отанымның да үмітін ақтауға тырысамын», – дейді теміржолшы Арғынғазы Болат.