“Зорлық-зомбылықсыз әлем” тақырыбы аясында кездесу өтті

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолында Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен тренинг элементтері бар әлеуметтік-профилактикалық дәріс өтті.

Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қаражал қаласы мен Ұлытау, Жаңаарқа, Шет пен Ақтоғай аудандық кәсіподақтарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға/төрайымдары қатысқан жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы еңбек етуші әйелдердің ісі бойынша комиссияның мүшесі Гүлнар Ильясова баяндама жасады.

Кездесудің келесі бөлімін жүргізген жоғары санатты психолог Лилия Монастырская әріптестерін зорлық-зомбылықтың түрлерімен таныстырып, үйдің, отбасының берекесін қашыратын қарым-қатынастан шығудың жолдарын, сонымен бірге, бала тәрбиесіне қажетті бірқатар нұсқаулықтар берді.