Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шарада «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Тәуелсіздік жылдарындағы» мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала өтіп, оған өзіндік үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгісімен Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов, «Құрмет грамотасымен» аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас есепшісі Азамат Сейдалиев, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Руслан Сейдуалиев және «Алғыс хатпен» кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің әдіскері Айнұр Қалданбай, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің статисі Есен Мұхтар марапатталды.