“Еуроазиаттық энергетикалық корпорация” АҚ Ақсу электр станциясының кәсіподақ комитетімен бірлесіп “ЕЭК” АҚ электр станциясының жұмысшылары мен қызметшілері арасында спорттың сегіз түрі: волейбол, гір спорты, армрестлинг, шағын футбол, дарте, шахмат, дойбы, үстел теннисі бойынша “Денсаулық” спартакиадасын өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан қорытынды турнирлік кестеге сәйкес “ERG Servicе” ЖШС сервистік компаниясының командасы 1-орын, ТТО, РСЦ, РМЦ, ТТРЦ цехтарының құрама командасы 2-орын, ЭЦ және П/С цехының құрама командасы 3-орын алды.
Гір спорты бойынша 1-орын “ERG Servicе” ЖШС сервистік компаниясының командасына, 2-орын ЦНИТО, АОА цехтарының құрама командасына, 3-орын ЦТАИ және АӨҚО цехтарының құрама командасына бұйырды.
Армрестлинг бойынша 1-орынды “ERG Servicе” ЖШС сервистік компаниясының командасы, 2-орынды ЦТАИ және ЦСУ цехтарының құрама командасы, 3-орынды ТТО, РСЦ, РМЦ, ТТРЦ цехтарының құрама командасы жеңіп алды.
Шағын футбол бойынша 1-орынды ЦНИТО,ОДО цехтарының құрама командасы, 2-орынды ТТО, РСЦ, РМЦ, ТТРО цехтарының құрама командасы, 3-орынды “ERG Servicе” ЖШС сервистік компаниясының командасы жеңіп алды.
Дартс бойынша 1-орынды ТТО, РСЦ, РМЦ, ТТРО құрама командасы, 2-орынды ЦНИТО, АОА цехтарының құрама командасы, 3-орынды ЦТАИ және АӨҚО цехтарының құрама командасы алды.
Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Спортты дамыту және қызметкерлерді сауықтыру мәселелері әлеуметтік әріптестікті дамытудың басым бағыты болып табылады.