Білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері түсіндірілді

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының Әділет білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев елордадағы №49 және №25 орта мектептерінің ұжымдарымен кездесті.

Өз кезегінде Батыр Әлиев «Әділет» кәсіподағымен атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге, оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім беру жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін, оның ішінде педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Сонымен қатар, Батыр Әлиев «Әділет» кәсіподағымен өткізіліп жатқан семинарлар туралы, оның ішінде жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне арналған семинарлар туралы ақпарат берді.

Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.