Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М.Сағындықова Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы жетекшілерімен бірге Ақтөбе облысы статистика департаментінің ұжымымен кездесті.
Шара барысында Жергілікті полиция департаментінің әйелдерді қорғау бөлімінің инспекторы отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар істері бойынша мағлұматтар беріп, сұрақтарға жауап берді.
«Халықаралық дәрежеде өткізілетін бұл акция қазіргі өмір сүріп жатқан қоғам үшін аса маңызды. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, рухани тәлім-тәрбие берумен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру ұдайы күн тәртібінен түспеу керек», – деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.