“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес “Кәсіподақ құжаттамасын жүргізу, істер номенклатурасы. Ұжымдық шартты жасау тәртібі. Статистикалық есеп беру. Есеп беру нысандарын жасау. Бухгалтерлік есеп және есептілік. Тексеру комиссияларының жұмысы” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, қазынашылар мен заңгерлер қатысты. Семинарға барлығы 61 қатысушы қатысты.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова құттықтау сөз сөйлеп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы жұмыстың өзектілігі, кәсіподақ Жарғысының негізгі қағидаттарын сақтау қажеттілігі, құқықтық құжаттарды қалыптастыру мен жүргізуге бірыңғай тәсілді айқындау, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дамыту туралы хабардар етті.
Филиал заңгері бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру-жарғылық құжаттарына және іс қағаздарын жүргізуге ерекше көңіл бөлді. Өз сөзінде ол оқыту семинарына қатысушыларды кәсіподақтың қорғау функциясын іске асырудың басты құралы және кәсіподақ жұмысының тиімділігінің көрсеткіші болып табылатын ұжымдық шарт жасау алгоритмімен егжей-тегжейлі таныстырды.
Одан әрі оқыту семинарына қатысушыларға есеп беру формаларының слайдтары ұсынылды, онда филиал маманы бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жыл сайынғы есеп беру рәсімдері туралы айтып берді. Спикер әрбір есеп беру нысанына егжей-тегжейлі тоқталып, олардың жасалуын түсіндірді.
Филиал бухгалтері өз сөзінде қаржы тәртібі, бухгалтерлік есептілікті жүргізу мәселелерін қозғады.
Оқыту семинары барысында қатысушылар қызметтің түрлі бағыттары бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.