Үздік ауыл әкімі – Абдықадыр Ермекұлы Сиқымбаев!

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі-2021» республикалық байқауы өткізілді. Конкурстың мақсаты елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады. Дауыс беру кезінде жинаған ұпай нәтижесімен, Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауыл округінің әкімі Абдықадыр Ермекұлы Сиқымбаев «Үздік ауыл әкімі» атанып, жүлделі 2 орынға ие болды.
Республикалық конкурстың жеңімпазы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың, Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтың атынан Құрмет Грамоталарымен марапатталды. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың атынан бағалы сыйлықпен марапатталды.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010