Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы кездесіп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, аппараттың белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Шатырбаев Мұрат Ахметұлы, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Қаланов Ілияс Сұлтанұлы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру – инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шаймерденова Гүлмира Әнуәрбекқызы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Әшірбаева Салтанат Сұлтанқызы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің жетекші маманы Әбдеева Элмира Нұржанқызы марапатталды.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010