Еңбек Адамы марапат төрінде

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесінде марапат төріне шыққан Еңбек адамдары қатарында – Дүйсеков Сәкен Спандиярұлы.

Дүйсеков Сәкен Спандиярұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі мемлекеттік наградасымен наградталды.

Сәкен Спандиярұлы – Көп бейінді Қызылорда қалалық ауруханасының хирург дәрігері, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы мүшесі. Жылдар бойғы еңбек жолында білікті дәрігер халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп, ел алғысына бөленіп келеді.