«Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты іс-шара өтті

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы, мемлекеттік архивтің қор құрушылары, желтоқсаншылар Сабит Қалдыкөзұлы Исабеков, Ермұхамбет Әбдікерімұлы Қуандықов, Шымкент қаласының №4 колледж студенттері қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып, желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталып, мекеме басшысы А.Амангелдиева құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара бағдарламасымен таныстырды.
Әрі қарай бағдарламаға сәйкес №4 колледж студенттері «Желтоқсан желі» әнін орындап, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архив қойма меңгерушісі Бохан Гүлжан Тұрарбекқызы «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты баяндама жасады.
Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, «Желтоқсан» республикалық, халықтық-отаншылдық қозғалысының Түркістан облысы бойынша төрағасы Сабит Қалдыкөзұлы Исабеков өткен тарихтан сыр шертті.
Кезекті сөз алған «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы іс-шара қатысушыларын «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің бірқатар кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архив қойма меңгерушісі Бохан Гүлжан Тұрарбекқызы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Ешанкұлова Мәдина Оміраліқызы, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архивисті Үмбетова Мәдина Базарханқызы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архивисті Көмекбаева Халима Тұрапбайқызы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архивисті Көкебаева Жанар Тұрсынқызы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің архивисті Егембердиева Ұлжан Жандарбекқызы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Мырзашова Динара Мұнайтпасқызы,
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің электригі Тілеуов Бақытқали Хамзиұлы марапатталды.
Іс-шара №4 колледж студенттерінің Тәуелсіздік туралы қара өлеңдерін оқуына жалғасып, жалпы қатысушылар «Атамекен» әнін орындауымен аяқталды.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010