Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің “В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің” ардақты ұстазын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.
Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған Мафрат Абдуламитова ұзақ жылдар бойы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Сауран ауданы салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибадулла Исатаев өзінің құттықтау сөзінде зейнеткерге ғылым, білім саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.
Ардагер-ұстаз оқу ордасында алғашқы қызмет атқарған шақтарын еске алып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп басшылығы мен әріптестеріне сый-құрметтері үшін ризашылығын жеткізіп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім-тәлім алған.