Еңбеккер бейнесінде – Павлодар облысының еңбек сіңірген дәрігері Жайнақов Мұрат Жұмажанұлы

“Павлодар қаласының №4 емханасы” ШЖҚ КМК рентгенолог-дәрігері, Павлодар облысының еңбек сіңірген дәрігері, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының” қатысушысы Жайнақов Мұрат Жұмажанұлы туралы көп айтуға болады.

Мұрат Жұмажанұлы 1986 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын “Педиатрия” мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Семей қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында “Педиатрия” мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Мұрат Жұмажанұлы өзінің еңбек жолын 1987 жылы №1 Қалалық балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып бастады, онда 1990 жылға дейін жұмыс істеді. 1990 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар ауданы Заря ауылының дәрігерлік амбулаториясында бас дәрігер болып жұмыс істеді. Балалар хирургиясы бойынша ғана емес, рентгенология бойынша да мамандандырылғандықтан, 2002 жылдан 2007 жылға дейін облыстық туберкулезге қарсы диспансерде дәрігер-рентгенолог болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасында дәрігер-рентгенолог болып жұмыс істеді.

Мұрат Жұмажанұлы өзінің білімі мен тәжірибесін дене шынықтыру және спорт саласында қолданып, “Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі” КМҚК дәрігері, сондай-ақ 2010 жылға дейін “Павлодар мұнай-химия зауыты” АҚ-да басшы лауазымында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Павлодар қаласының №4 емханасы” ШЖҚ КМК рентгенолог дәрігері болып жұмыс істейді, онда жеті жыл бойы сәулелік диагностика бөлімшесін басқарады.

Мұрат Жұмажанұлы өзін ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларының жоғары деңгейімен жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Қажетті манипуляциялар мен процедуралардың техникасын жақсы біледі. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Үлкен жұмыс тәжірибесі бар маман ретінде өз әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетеді, өз білімімен бөліседі, жас мамандардың тәлімгері болып табылады.

Өз қызметінде жауапкершілік, құпиялылық, тілектестік қағидаттарын басшылыққа алады, ұжымда лайықты беделге, пациенттердің құрметіне және ризашылығына ие.

Мұрат Жұмажанұлы өзінің барлық еңбек жолында емхана әкімшілігінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ-ның наградаларымен марапатталды.