Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығында жиын өтіп, марапаттар табысталды.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ш.Ермекбайұлы әріптестерге еңбекте толағай табысқа жетіп, алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтады.
ҚРКФ «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен Балбибі Төлепбергенова және де «Кәсіподақтарағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Ш.Ермекбайұлы марапатталды. Сонымен қатар, еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерге ҚРКФ Құрмет грамоталары табысталды.