Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік шараға барлық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚҚ Ақтөбе облысы филиалының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің бас дәрігерлері, кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген ардагерлер шақырылды.
Сондай-ақ, салтанатты жиынға Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустем Исаев, салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрағасы Қайрат Сабыр және т.б. қатысты.
Салтанатты шарада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдар мен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалі, Ақтөбе облысы әкімінің грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, 30 жыл бойы денсаулық сақтау саласында қызмет жасаған он еңбек ардагеріне алғыс хат пен 30 мың тенгеден ақшалай сертификат табыс етті.
Сондай-ақ, 100-ден астам денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РОО-ның төсбелгілері, Құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталды.