Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері марапатталды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев пен «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының» облыстық филиалы төрағасы Серік Мырзаханов «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорны жұмыскерлерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

«Ел егемендігінің ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Салада қызмет жасап, аянбай еңбек етудесіздер. Сіздерге ризашылығымыз зор, еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз еселене берсін!», – деп тілек білдірді кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағы» облыстық филиалының Құрмет грамоталары мен төраға Алғыс хаттары табысталды.