Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі және “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына” мүше “Шапағат-педагог” білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін дамыту жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарымызды марапаттады.
“Шапағат-педагог” кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева кәсіподақтың белсенді мүшелерінің жетеуіне “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төсбелгісін және төртеуіне “Құрмет грамотасын” табыстады.
Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Ф.Оспанова Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, он мұғалімді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Р.Жолаев пен “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының” төрағасы Ж.Шайдулланың “Құрмет грамотасымен” марапаттады.
Сайрам аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Нұртанова қырық үш педагогке бөлім басшысының міндетін атқарушы А.Сапарбековтың және кәсіподақ төрайымы Г.Тлеубердиеваның “Алғыс хатын” табыстады.
Барлық марапатталғандарға “Шапағат-педагог” кәсіподағының атынан сыйлықтар берілді.