Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алға аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік” атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында білім беру жүйесінде 30 жылдық еңбек өтілі бар, ұстаздық міндетін абыроймен атқарып келе жатқан мұғалімдер, Тәуелсіздік құрдастары, белсенді кәсіподақ мүшелері, барлығы 60-тан аса педагог құрметке ие болды.

Оларға облыстық білім басқармасы, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, аудандық салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табысталып, қаржылай қолдау көрсетілді.