Кәсіподақ өкілдері еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді

2021 жылғы 21 желтоқсанда Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің “Мобильді консультациялық пункт” жобасы шеңберінде кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымдары қызметкерлерінің сұрақтарына “Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” ММ басшысының орынбасары А.Мұхамедова, “Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру жөніндегі бөлімінің бастығы А.Мұқатова жауап берді.

Кездесудің 90-нан астам қатысушысы ZOOM платформасы арқылы мобильді кеңес беру пунктінің спикерлеріне қосылып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды: жұмыс беруші мен медиатордың қатысуымен жұмыскер арасында Медиация туралы келісім жасасу арқылы еңбек өтілін дәлелдеуге бола ма немесе сот шешімі қажет пе; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу жасы қандай болады; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлерді қандай өзгерістер күтуде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және медициналық мақсаттарға пайдалану мәселесі бойынша қайда жүгіну қажет; салымшы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан төлемдер алуға кімнің құқығы бар; салымшының зейнетақы жинақтарын қаражат есебінен сатып алғаннан кейін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға бола ма немесе белгілі бір мерзімге мәмілелерге тыйым салу бар ма; жалақысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін қандай шарттар қажет; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем шарттары; еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем шарттары сынды сауалдар қойылды.

Кәсіпорындардың еңбек ұжымдарының қызметкерлерін қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттандыру және оларға тікелей жұмыс орындарында кеңес беру Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі Еңбек адам құқықтарын қорғау мүддесінде қолданатын түсіндіру-ақпараттық жұмысының ыңғайлы нысаны болып табылады.