Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Отбасылық зорлық-зомбылық – кең ауқымды және өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел басында кездесулер мен талқылаулар өтті.
Бұл іс-шаралар зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шараларын жүргізуді қаржыландыру және сапалы қызмет көрсету қажеттілігіне назар аудару үшін кәсіподақ активін, басшыларды және қоғамның барлық топтарынан мүдделі адамдарды біріктіруді күшейту мақсатында өткізілді.
«Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиямен және Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесіп «Күлгін әлем: қаржыландыру саласындағы кемшіліктерді жою бойынша жаһандық іс-қимылдарды күшейтуге, пандемия кезіндегі зорлық-зомбылық құрбандарына негізгі қызметтерді ұсынуға, әйелдер мен қыздарға көмек көрсету бойынша қызметтердің әлеуетін нығайту үшін алдын алу шараларына және деректер жинауға бағытталған» семинар өткізді.
Семинарда мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова сөз сөйлеп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық бүгінгі күнге дейін маңызды мәселе болып қалатынын атап өтті. Бүкіл әлемде зорлық-зомбылыққа заң жүзінде тыйым салынуы үшін жаһандық деңгейде әлі де көп жұмыс істелуі керек. Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралу кезеңінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық бес есе өсті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен зорлық-зомбылық бүкіл әлемде 15 пен 44 жас аралығындағы адамдардың өлімінің негізгі себептерінің бірі ретінде танылған. Қарағанды облысы бойынша 2015 жылдан бастап әйелдерге қатысты 6 635 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. 2021 жылы облыс бойынша 21 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Менің үйім» дағдарыс орталығында 14 әйел тұрады.
Әрине, заңнаманы жетілдіріп, жазаны қатаңдату керек, бірақ, ең бастысы, бүкіл әлемде және қоғам арасында зорлық-зомбылыққа деген көзқарас өзгеруге тиіс. Зорлық-зомбылық құрбандары қорықпай және ұялмай, көмек сұрай алатындай жағдай жасалынуы керек.
Бүгінгі күні зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және дағдарыс орталықтарында тұратын әйелдерді қорғау үшін тұрақты және жеткілікті қаржыландырумен ұзақ мерзімді жобаларды қабылдау маңызды.
Семинар жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалының директоры Татьяна Абрамова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық: шолу және серпін» тақырыбында таныстырылым жүргізіп, семинарға қатысушыларды Қазақстанның 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясында, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында қабылданған негізгі аспектілермен таныстырды. Онда әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша мемлекеттің негізгі іс-әрекеттері: алдын алу, мониторинг, қорғау және қылмыстық қудалау туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
«Менің үйім» дағдарыс орталығының жетекшісі, «Даму және халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы» қоғамының төрайымы Ирина Жданова гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты қоғам мен мемлекеттік органдардың жұмысы, дағдарыс орталықтарының жұмысы және құқық қорғау органдарының қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Миллер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша кітап көрмесіне шолу жасап, оқуға және құқықтық тәрбиеге арналған әдебиеттерді ұсынды.
Белсенді талқылаудан кейін спикерлер семинарға қатысушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді.