Салалық кәсіподақ төрағасы ғылыми-зерттеу институты ұжымымен кездесті

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жыл қорытындылау жиынына қатысып, ұжыммен кездесті.

Ғасырға жуық тарихы бар Қазақ күріш институты – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласындағы маңызы зор ғылыми шаңырақ. Еңбек ұжымында аға буын ғалымдармен бірлесе жас мамандар еңбек етіп, отандық ғылымға сүбелі үлес қосуда.

2021 жылдың қорытындысы бойынша институтта атқарылған жұмыстар барысы мен алдағы жылға межелер турасынан институт директоры Қамбарбек Мүбараков сөз қозғады.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов еңбек ұжымын жаңа жылмен құттықтап, саладағы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді. Ұжымдағы кәсіподақ белсенділеріне республикалық бірлестіктің марапаттары табысталды.