2021 жылғы 29 желтоқсан күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының Атқару комитеті кеңейтілген отырыс өткізді.
Отырысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Атқару комитетінің мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері және филиал құрамына кіретін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Жиынды «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Атқару комитетінің төрағасы Серік Әуесханов жүргізіп отырды.
Атқару комитетінің кеңейтілген отырысында Шымкент қалалық комитетінің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі туралы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бекітілген үлгіге сәйкес жылдық статистикалық есеп тапсыруы жөнінде, Шымкент қалалық комитетінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы, 2022 жылы келісімдер мен ұжымдық шарттарды дайындау, талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстарға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу туралы және тексеру комиссиясының құрамынан шығып қалған комиссия мүшесінің орнына жаңадан комиссия мүшесін сайлау туралы мәселелер бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Атқару комитетінің төрағасы Серік Елемесұлы баяндама жасап, есеп беріп, толығымен түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі туралы басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Әсембекова баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Атқару комитетінің тиісті шешімдері қабылданды.
Жиын соңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы «Қызмет» салалық кәсіподағы Атқару комитетінің 2021 жылы 3 қараша күні өткен отырысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың жұмысына оң баға беріп, оның кәсіподақ қозғалысындағы жаңа еңбек ұжымдарын тарта отырып, олардан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу тәжірибесін тарату туралы қаулысы қабылданғанын, еңбегі бағаланып Тәуелсіздік күні мерекесінде «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың қол қойған куәлігі мен «Кәсіподақ қайраткері» медалі тапсырылғанын атап өтіп, С.Әуесхановқа Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қол қойған «Алғыс хатын» және Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов қол қойған «Құрмет грамотасын» табыстады.
Сондай-ақ, жылдың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Өтебаев Әділ Әбдіқалықұлы, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қышқашев Тимур Әсілбекұлы, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұсабай Ержан Сапарбекұлы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының “Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағайымы Балабекова Әсел Маратқызы, ал Шымкент қалалық маслихатының «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсембекова Раушан Әсілбекқызы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Копжасарова Жанара Ратбекқызы және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы болып істеген, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Дурмаханбетов Қожабай Пахридинұлы марапатталды.
Осылай жылдың қорытындысы сәтті аяқталған жиын соңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы барша кәсіподақ мүшелерін кіріп келе жатқан жаңа – 2022 жыл мерекесімен құттықтап, алдағы жылы да табысты еңбек жасап, жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.