ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖАҢА 2022 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

Жаңа жыл – бәріміз өткен уақытқа есеп беретін, келер күннен үміт күтетін айрықша мереке.

Өтіп бара жатқан жыл еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толған жарқын белес ретінде тарихта қалады.

Тарих қойнауына еніп бара жатқан жылды біз бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялап, Еңбек адамының барлық мәселелері шоғырланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарына баса назар аударып, ауқымды іс-шаралар өткіздік.

Біздің әрбір жаңашыл бастамаларымыз бен атқарған қызметіміз қоғам игілігіне, екі миллионға жуық кәсіподақ мүшесінің өмір сапасын арттыруға бағытталды.

Әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялаған алдағы 2022 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Жаңа жылда Сіздердің дендеріңізге саулық, отабсыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!

Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын!

Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин